Қазақстанның “Токомак” термоядролық қондырғысы 2008-жылы пайдалануға беріледі - ҚР Ұлттық ядролық орталығының бас директоры - kaz.caravan.kz
  • $ 510.18
  • 601.91
-5 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның “Токомак” термоядролық қондырғысы 2008-жылы пайдалануға беріледі  - ҚР Ұлттық ядролық орталығының бас директоры

Қазақстанның “Токомак” термоядролық қондырғысы 2008-жылы пайдалануға беріледі - ҚР Ұлттық ядролық орталығының бас директоры

АЛМАТЫ. 20-маусым. Kazakhstan Today. Қазақстанның “Токомак” термоядролық қондырғысы 2008-жылы пайдалануға беріледі деп межеленген. Бұл туралы бүгін өткен қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР Ұлттық ядролық орталығының бас директоры Қайрат Қадіржанов құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 20 Маусым 2006
  • 456
Фото - Caravan.kz

“2008-жылы қондырғы жұмыс істей бастайды. Дайындық жұмыстары бүгінде аяқталып келеді”,- деді ол.

“Қазір Санкт-Петербургтегі ғылыми-зерттеу институтында қондырғыны жасап жатыр. Жоспар бойынша 2007-жылдың аяғында ол жасалып бітіп, 2008-жылы Курчатовта құрастырыла бастайды”,- деді ҚР Ұлттық ядролық орталығының бас директоры.

“Токомак” — материалдарды энергетикалық жүктеме тәртібінде сынақтан өткізуге және зерттеуге арналған термоядролық қондырғы. “Токомак” эксперименталдық кешені Курчатовтағы ҚР Ұлттық ядролық орталығында бұрынғы Семей ядролық сынақ полигоны аумағында, республика үкіметінің конверсиялау жұмыстарының аясында құрастырады.

Перейти к новостям спорта