Қазақстанның төлем балансының профициті ағымдағы жылы $7-8 млрд деңгейінде болады деп күтілуде - Сәйденов - kaz.caravan.kz
  • $ 464.72
  • 496.32
+33 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның төлем балансының профициті ағымдағы жылы $7-8 млрд деңгейінде болады деп күтілуде - Сәйденов

Қазақстанның төлем балансының профициті ағымдағы жылы $7-8 млрд деңгейінде болады деп күтілуде - Сәйденов

Астана. 25 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанның төлем балансының профициті ағымдағы жылы $7-8 млрд деңгейінде болады деп күтілуде. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Әнуар Сәйденов бүгін үкіметтің отырысында айтты, деп хабарлайды агенттік тілшісі

  • 25 Қараша 2008
  • 943
Фото - Caravan.kz

«Тұтастай алғанда, төлем балансының жалпы оң сальдосы 2008 жылдың 9 айында $4 млрд 300 млн құрады. Қазан айында шикізат бағасының күрт төмендей бастағанына қарамастан, Ұлттық банк 2008 жылдың қорытындысы бойынша қалыптасқан қорды ескере отырып ағымдағы шоттың профициті $7-8 млрд болады деп күтуде», -деді Ә. Сәйденов.

Оның айтуынша, 2008 жылдың 9 айында төлем балансының ағымдағы шоты профицитпен қалыптасып, $9 млрд асты. Ұлттық банк басшысы оны бірінші кезекте «сауда балансының рекордтық көрсеткіштерімен» байланыстырады. «Тауар экспорты $57 млрд болып, өсім 66%, ал тауар импорты — $29 млрд, өсім 18% болды, нәтижесінде сауда балансы $28 млрд жетті», -деді ол.

«Қаржылық шот операциялары бойынша, өткен жылдың екінші жартысынан бері кеткен капитал ағыны сыртатн келген қаржыландырудан артты. 2008 жылдың 9 айында кеткен ресурстар ағыны $4 млрд 800 млн болса, 2007 жылғы тиісті мерзімде келген түсім $7 млрд 700 млн болған», — деді Ә. Сәйденов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар
Хиджап киюге тыйым салынды
Жаңалықтар 23 Маусым