Қазақстанның төрт аймағында дауылдық ескерту жарияланды - kaz.caravan.kz
  • $ 482.33
  • 557.57
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Наурыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның төрт аймағында дауылдық ескерту жарияланды

Қазақстанның төрт аймағында дауылдық ескерту жарияланды

20 қазан жұма күні Қазақстанның бірнеше аймақтарында қатты жел соғады, деп хабарлайды "Қазгидромет". 

  • 19 Қазан 2017
  • 378
Фото - Caravan.kz

Синоптиктер Қызылорда облысының кей жерлерінде оңтүстік батыстан соққан жел 15-20 м/с жетеді.

Қостанай облысының кей жерлерінде бұл уақытта көктайғақ болып, тұман түседі, желдің күші 15-20, ұйытқуы 23 м/с жетеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде 20 қазанда желдің күші 15-20, ұйытқуы 23-28 м/с дейін жетеді. Өскеменде желдің күші 15-20 м/с жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысында батыстан соққан желдің күші 15-20, кей жерлердегі желдің ұйытқуы 23-28 м/с жетеді. Петропавлда 20 қазанда батыстан соққан желдің күші 15-20, ұйытқуы 23 м/с жетеді.