Caravan Logo

Қазақстанның төрт облысында үсік жүруі мүмкін

Қазақстанның төрт облысында үсік жүруі мүмкін

Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарында жуырда үсік жүруі мүмкін, деп хабарлады "Қазгидромет" РМК.

10 сәуір күні түнде Қызылорда облысында, 9-11 сәуірде түнде Оңтүстік Қазақстан облысында 1-3 градус үсік жүреді, ал 11-12 сәуірде түнде Жамбыл және Алматы облысында кей жерлерде бес градусқа дейін үсік жүруі ықтимал.

Сонымен қатар, Қазақстанның өңірлерінде су деңгейінің көтерілуіне байланысты дабылды ескерту жарияланды.

8 сәуірде Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында ауа температурасының көтерілуіне байланысты және жауын-шашын түсуі салдарынан қар еріп, су деңгейі артып, су басу қаупі туындайды.

8 сәуірде Шығыс Қазақстан облысында өзендер арнасынан асып, тасқын болуы мүмкін.


8 сәуірде Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында және Алматы қаласында жауын-шашын түсуіне байланысты су басу қаупі бар.

Оқи отырыңыз:

Димаш операциядан шықты: Көпшілік әншінің денсаулығына алаңдап жатыр

Маңғыстауда мемлекеттік қызметшілердің жалақысы 2 есеге өсті

Қостанайда жылқыларын зират маңына жайып жүрген азамат жазаланды