Қазақстанның төрт шығармашылық ұжымы өзара ынтымақтаса жұмыс істейтін болды - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
25 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның төрт шығармашылық ұжымы өзара ынтымақтаса жұмыс істейтін болды

Қазақстанның төрт шығармашылық ұжымы өзара ынтымақтаса жұмыс істейтін болды

Бүгін елордада үш облыстың шығармашылық ұжымдары және Астана қаласының филармониясы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

  • 21 Наурыз 2013
  • 501
Фото - Caravan.kz

Осы құжатқа сәйкес, төрт ұжым бір-біріне барып, концерт өткізеді. Бірқатар шығындарды және әртістердің қаламақысын қабылдаушы жақ төлейтін болады.

Ел тарихында бұндай меморандумды алғаш рет Астана қаласының Мемлекеттік филармониясы, Қали Байжанов атындағы Қарағанды концерт бірлестігі, Қостанай облысының Мемлекеттік филармониясы және Иса Байзақов атындағы Павлодар облыстық филармониясы рәсімдеп отыр. Негізгі мақсат Қазақстан мәдениетінің музыкалық мұрасы мен дәстүрлерін сақтап, отандық өнерді кеңінен насихаттау. Ол үшін әрбір шығармашылық ұжым арнайы кестеге сәйкес, бірнеше қалада концерт қояды. Жол жүру, тамақтану және тұру ақысын өзі төлесе, қабылдайтын ұжым концерттік залды ұсынып, бір айдың ішінде афишалар мен билеттерді басып шығарады. Сондай-ақ әрбір концерт үшін 300 мың теңге көлемінде қаламақы төлейді. Ал жылдың соңында гала-концерт ұйымдастырылып, онда үздік танылған әртістерге гранттар тапсырылатын болады.

«Бұған дейін біз басқа қалада концерт өткізу үшін бір ай бұрын өз өкілдерімізді жіберіп, афишаларды іліп жүретінбіз. Енді осы меморандумның арқасында оның барлығын қабылдайтын жақ атқарады. Бұл — өте тиімді іс. Себебі ол ұжым өз қаласының көрерменін жақсы біледі. Бүгінде бұл бастамаға үш облыс қосылып отыр. Алдағы уақытта өзге өңірлер де қолдайды деген үміт бар», — дейді Астана қаласы Мемлекеттік филармониясының бас директоры және көркемдік жетекшісі Сәкен Әбдірахманов.

Перейти к новостям спорта