Жарияланды: 620

Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген үлгілі отбасылар марапатталды

Астанада ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның ұйымдастыруымен «Мақтаным, тірегім - отбасым» атты өнегелі отбасылармен кездесу өтті.

Шара барысында Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген 16 үлгілі отбасы марапатталды. ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы Гүлшара Әбдіхалықованың айтуынша, іс-шараның мақсаты биыл елімізде алғаш рет аталып өткелі отырған 1 желтоқсан - Тұңғыш Президент күні мерекесі қарсаңында Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың жүргізіп отырған мемлекеттік отбасылық-демографиялық саясатына қолдау көрсету болып табылады. Қазақстанның өркендеуіне еңбегімен де, өнегелі ұл-қызымен де үлес қосып жүрген ата-аналар - «Отбасым» журналында жарияланған материалдардың кейіпкерлері. «Тұңғыш Президент күні қарсаңында Ұлттық комиссия және «Отбасым» журналы демографиялық қолдау көрсетіп, отбасыларды, ана мен баланы демеу мақсатында осындай мейірімді шараны ұйымдастырдық. Осы шара арқылы үлгілі отбасыларды, көпбалалы, белсенді жанұяларды марапаттау арқылы отбасылық құндылықтарды насихаттауды көздедік. Сондай-ақ жас ұрпақтың бойына өскен ұясын қастерлеу, ұл-қызы үлгі тұтар ата-ана болу сезімін дарыту үшін жасалып жатқан дүние бұл», - дейді Г. Әбдіхалықова.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін