Қазақстанның тұңғыш танкері биылғы жылдың қараша айында жасалып шығады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның тұңғыш танкері биылғы жылдың қараша айында жасалып шығады

Қазақстанның тұңғыш танкері биылғы жылдың қараша айында жасалып шығады

Ұлттық дербес танкер флотын дамыту бағдарламасын жүзеге асыру шаралары аясында Қазақстан өзінің тұңғыш танкерін биылғы жылдың қараша айында алады. Бұл туралы "Қазақтеңізкөлікфлоты" Ұлттық компаниясының коммерциялық директоры Марат Орманов Баку қаласында журналистерге хабарлады.

  • 10 Наурыз 2004
  • 673
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, «2002-2005-жылға дейін ұлттық теңіз сауда флотын құру туралы» бағдарлама бойынша «Қазақтеңізкөлікфлоты» ЖАҚ Санкт-Петербург қаласындағы Выборг кеме жасау зауытына әрбіреуінің дедвейд-жүк сыйымдылығы 12 мың тоннаны құрайтын үш танкер жасатуға тапсырыс берген. Тапсырыстың жалпы құны 40-44 млн. долларды құрайды. «Бірінші танкерді 2004-жылдың қараша айында, ал қалған екеуін араға жарты жыл салып алып отыратын боламыз»,- деді М.Орманов.

Танкерлер «Қазақтеңізкөлікфлоты» ЖАҚ-ның өз қаржысы есебінен жасалуда. М.Ормановтың айтуынша, танкерлер Ақтау-Баку және Ақтау-Махачкала бағытында пайдаланылатын болады.
Қазір компания мұнай тасымалы мақсатында Каспий теңізіндегі ең ірі танкер флоты бар (жүк сыйымдылығы әртүрлі 36 кемесі бар) Әзербайжан кеме шаруашылығының (КАСПАР) танкерлерін жалға алып пайдалануда. Сондай-ақ, Қазақтеңізкөлікфлоты Ресей мен Иранның да мұнай тасымалдаушы кемелерін жалдап отыр.
Сондай-ақ, М.Ормановтың хабарлауынша, Қазақстанда жұмыс істейтін шетелдік мұнай компанияларының тапсырысымен Қазақтеңізкөлікфлоты Каспий теңізінің Қазақстандық бөлігінде ірі тоннажды танкер флотының пайдаланылу жағдайына зерттеулер жүргізетін оператор ретінде таңдалды. «Біз Санкт-Петербург қаласындағы Крылов атындағы ғылыми-зерттеу институтымен келісім-шартқа отырдық. Зерттеулер 2004-жыл бойына жалғасады»,- деді ол.
Бұған қоса, Қазақтеңізкөлікфлоты шельфті дамыту бағдарламасын жүзеге асыру шараларының шеңберінде биыл флоттың қызмет көрсету аясын кеңейтуге қадамдар жасауда. Мәселен, қазір Астраханьда Қазақтеңізкөлікфлотына арналған баржалар жасалып жатыр . М.Ормановтың айтуынша, Қазақстанда сервистік флот құру (көмекші кемелер ) жөніндегі 2004-2006-жылдарға арналған бағдарлама жобасы жасалып, онда қазіргі 100 сервистік кеме санын 2006-жылы екі есе арттыру көзделді.
«Қазақтеңізкөлікфлоты» Ұлттық компаниясының коммерциялық директорының хабарлауынша, биылғы жылдың сәуір айында ҚР үкімет басшысы Даниал Ахметовтың Баку сапары аясында Қазақстан мен Әзербайжан арасында кеме шаруашылығы саласындағы басымдықтар мен өзара ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісімге қол қою жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар