Атап өтілгендей, күн тәртібіндегі қазақстандық стратегияның мақсаты экономикалық, саяси, мәдени, әлеуметтік және экологиялық факторлардың динамикалық тепе-теңдігін қамтамасыз ету, еліміздің табиғи байлығын сақтай отырып оны болашақ ұрпаққа тарихи белсенді қорғалған байлық түрінде жеткізу, халықтың өмір сүру деңгейінің сапасын еңбек өнімділігі мен қоршаған ортаның жай-күйін жақсарту есебінен арттыру, табиғи ресурстарды тиімсіз пайдалануды болдырмау болып табылады.
Аталған стратегиялық мақсатқа қол жеткізу үшін, сарапшылардың пікірінше, отырыс барысында қозғалған бірқатар жалпы мақсатты іске асыру қажет. Әрбір мақсаттың басымдығы және оларды жүзеге асырудың іс жүзіндегі қадамдары туралы ұсыныстар айтылды.
Еліміздің одан әрі дамуы үшін жобаның үлкен маңыздылығын айта келе, үкімет басшысы тұжырымдаманы кеңеске қатысушылар тарапынан қосымша зерттеуді талап етті.
Премьер-министр қоршаған ортаны қорғау министрлігіне келешекте шешім қабылдау үшін айтылған пікірлер мен ұсыныстарды ескере отырып, жобаны қайта пысықтап, үкіметке ұсыну туралы тапсырма берді.