«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ кредит беру талаптарын жеңілдетті
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ 2011 жылдың 1 шілдеден бастап тұрғынүйқұрылыс жинақ жүйесінің қатысушыларына кредит беру талаптарын жеңілдетті, |
деп хабарлады банктің баспасөз қызметінен.
Банк сыйақының пайыздық мөлшерлемесін төмендетті. Енді тұрғын үй жағдайларын жақсартуға алдын ала және аралық тұрғын үй заемдарын мынадай төмендетілген сыйақы мөлшерлемелері бойынша алу мүмкіндігі туды:
- стандартты аралық тұрғын үй заемдары бойынша - жылдық 8,5 пайызға дейін (жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі - 17,5% дейін).
- «Жеңiл» бағдарламасының аралық тұрғын үй заемдары бойынша негізгі қарызды өтеуге қатысты төлемді үш жылдан артық емес мерзімге кейінге қалдыра отырып - жылдық 9,5 пайызға дейін (жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі - 15,7% дейін);
- алдын ала тұрғын үй заемдары бойынша шартты соманың 25% бастап 50% дейін қаражат жинақтаған жағдайда - жылдық 10,5 пайызға дейін (жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі - 17,3% дейін);
- алдын ала тұрғын үй заемдары бойынша шартты соманың 0% бастап 25% дейін қаражат жинақтаған жағдайда - жылдық 11 пайызға дейін (жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі - 15,1% дейін).
Осы көрсетілген алдын ала және аралық тұрғынүй заемдарының сыйақы мөлшерлемелері 2011 жылдың 25 желтоқсанына дейін (қоса санағанда) қолданылады.
Сондай-ақ Банк алдын ала және аралық тұрғын үй заемдары және негізгі тұрғын үй заемдары бойынша К/К[1] көрсеткішінің бастапқы мәніне қойылатын талапты өзгертті:
Атап айтқанда, берілетін алдын ала тұрғын үй заемдары бойынша К/К көрсеткішінің бастапқы мәні 50-ден 60 пайызға; берілетін аралық тұрғын үй заемдары бойынша К/К көрсеткішінің бастапқы мәні 50-ден 70 пайызға; берілетін тұрғын үй заемдары бойынша К/К көрсеткішінің бастапқы мәні 60-тан 70 пайызға көбейтілді.
Осыған байланысты, ендігі жерде Банкке қойылатын кепілзаттық қамтамасыз етуге заемның үлкен сомасын алуға болады.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін