«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ кредит беру талаптарын жеңілдетті - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ кредит беру талаптарын жеңілдетті

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ кредит беру талаптарын жеңілдетті

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ 2011 жылдың 1 шілдеден бастап тұрғынүйқұрылыс жинақ жүйесінің қатысушыларына кредит беру талаптарын жеңілдетті,

  • 8 Шiлде 2011
  • 496
Фото - Caravan.kz

деп хабарлады банктің баспасөз қызметінен.

Банк сыйақының пайыздық мөлшерлемесін төмендетті. Енді тұрғын үй жағдайларын жақсартуға алдын ала және аралық тұрғын үй заемдарын мынадай төмендетілген сыйақы мөлшерлемелері бойынша алу мүмкіндігі туды:

— стандартты аралық тұрғын үй заемдары бойынша — жылдық 8,5 пайызға дейін (жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі — 17,5% дейін).

— «Жеңiл» бағдарламасының аралық тұрғын үй заемдары бойынша негізгі қарызды өтеуге қатысты төлемді үш жылдан артық емес мерзімге кейінге қалдыра отырып — жылдық 9,5 пайызға дейін (жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі — 15,7% дейін);

— алдын ала тұрғын үй заемдары бойынша шартты соманың 25% бастап 50% дейін қаражат жинақтаған жағдайда — жылдық 10,5 пайызға дейін (жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі — 17,3% дейін);

— алдын ала тұрғын үй заемдары бойынша шартты соманың 0% бастап 25% дейін қаражат жинақтаған жағдайда — жылдық 11 пайызға дейін (жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі — 15,1% дейін).

Осы көрсетілген алдын ала және аралық тұрғынүй заемдарының сыйақы мөлшерлемелері 2011 жылдың 25 желтоқсанына дейін (қоса санағанда) қолданылады.

Сондай-ақ Банк алдын ала және аралық тұрғын үй заемдары және негізгі тұрғын үй заемдары бойынша К/К[1] көрсеткішінің бастапқы мәніне қойылатын талапты өзгертті:

Атап айтқанда, берілетін алдын ала тұрғын үй заемдары бойынша К/К көрсеткішінің бастапқы мәні 50-ден 60 пайызға; берілетін аралық тұрғын үй заемдары бойынша К/К көрсеткішінің бастапқы мәні 50-ден 70 пайызға; берілетін тұрғын үй заемдары бойынша К/К көрсеткішінің бастапқы мәні 60-тан 70 пайызға көбейтілді.

Осыған байланысты, ендігі жерде Банкке қойылатын кепілзаттық қамтамасыз етуге заемның үлкен сомасын алуға болады.

Соңғы жаңалықтар