Қазақстанның тұрғын үй жинақбанкінің баспана алуға беретін несиесінің ең жоғарғы өсімақысы 6,5 процентті құрайды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның тұрғын үй жинақбанкінің баспана алуға беретін несиесінің ең жоғарғы  өсімақысы 6,5 процентті құрайды

Қазақстанның тұрғын үй жинақбанкінің баспана алуға беретін несиесінің ең жоғарғы өсімақысы 6,5 процентті құрайды

Қазақстанның тұрғын үй жинақбанкінің баспана алуға беретін несиесінің ең жоғарғы өсімақысы 6,5 процентті құрайды. Бұл туралы Қазақстанның тұрғын үй жинақбанкінің төрайымы Нұрбибі Наурызбаева кеше Алматыда Ұлттық банк төрағасы Григорий Марченкомен бірге өткізген баспасөз мәслихатында хабарлады.

  • 30 Қыркүйек 2003
  • 423
Фото - Caravan.kz

Н.Наурызбаеваның айтуынша, банктің несиелік ставкасы ол таңдаған тарифтік бағдарламаға сәйкес 1,5 — 4,5 процент аралығында белгіленеді, ставка жинақ мерзіміне қарай өзгеріп отырады.

Айталық, банкте үш тарифтік бағдарлама белгіленген : жеделдетілген (3-5 жыл аралығындағы), стандартты (5-10 жыл аралығындағы), ұзақ мерзімді (10 жылдан жоғары).
Банк басшысының атап көрсеткеніндей, тұрғын үй салымы бойынша жинақталған сомаға жыл қорытындысы бойынша жыл сайын 20 процент көлемінде мемлекеттік сыйақы тағайындалады. Сыйақы тағайындалуға тиіс салым мөлшері 60 айлық есеп көрсеткішінен немесе 52 мың теңгеден кем болмауы тиіс.
«Егер салымшы 100 мың теңгеден артық ақша жинаса, оның 60 айлық есеп көрсеткіші шамасындағы сомасына ғана сыйақы тағайындалып, қалған бөлігі келесі жылға қалады да, сыйақы белгілеген кезде ескеріледі»,- деді Н.Наурызбаева.
Сондай-ақ, банкте ақшаның мақсатты жұмсалуын қадағалайтын бақылау жүйесі қолданылады. Мәселен, егер салымшы ақшаны тұрғын үй сатып алуға емес, басқа мақсатта жұмсап жіберсе, онда ақша тәркілеп алынады.

Соңғы жаңалықтар