Қазақстанның Түрікменстан, Өзбекстан және Қырғызстанмен екі ортадағы мемлекеттік шекара сызығын белгілеу жөніндегі келісімдерді бекіту жөніндегі заңға Елбасы қол қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның Түрікменстан, Өзбекстан және Қырғызстанмен екі ортадағы мемлекеттік шекара сызығын белгілеу жөніндегі келісімдерді бекіту жөніндегі заңға Елбасы қол қойды

Қазақстанның Түрікменстан, Өзбекстан және Қырғызстанмен екі ортадағы мемлекеттік шекара сызығын белгілеу жөніндегі келісімдерді бекіту жөніндегі заңға Елбасы қол қойды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түрікменстан, Өзбекстан және Қырғызстанмен екі ортадағы мемлекеттік шекара сызығын белгілеу жөніндегі келісімдерді бекіту жөніндегі заңдарға қол қойды. Заңдардың мәтіні 4-шілде күні республикалық басылымдарда жарық көрді.

  • 4 Шiлде 2003
  • 2463
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы мемлекеттік шекара сызығы «Қазақ және Қырғыз ССР-і арасындағы әкімшілік-аумақтық шекара»-ны белгілеу жөніндегі шешім негізінде, сондай-ақ, өзара келісілген картографиялық материалдарға сүйене отырып айқындалған болатын. Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы мемлекеттік шекараның жалпы ұзындығы 1241,58 шақырымды құрайды.

Екі ел арасындағы мемлекеттік шекара жөніндегі Қазақстан-Қырғызстан аралық келісімге мемлекет басшылары 2001-жылдың 15-желтоқсанында Астанада қол қойған.
Ал Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы мемлекеттік шекара сызығын белгілеуге «Қазақ және Түрікмен ССР-і арасындағы әкімшілік-аумақтық шекара» мен өзара келісілген картографиялық материалдар арқау болды. Қазақстан СІМ-нің мәліметтеріне жүгінсек, Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы мемлекеттік шекараның жалпы ұзындығы 426 шақырымды құрайды. Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы мемлекеттік шекара сызығын белгілеу жөніндегі келісімге 2001-жылдың 5-шілдесінде Астанада қол қойылды.
Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы мемлекеттік шекара сызығын белгілеу «Қазақ және Өзбек ССР-і арасындағы әкімшілік-аумақтық шекара» мен оның қалай өтетінін реттейтін нормативтік актілерді, сондай-ақ, өзара келісілген картографиялық материалдарды арқау ете отырып айқындалды. Келісімге сәйкес Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы мемлекеттік шекарасы сызығының 96 проценті белгіленіп, екі мемлекет президенттері оған 2001-жылдың 16-қарашасында Астанада қол қойды.
Сондай-ақ, мемлекет басшысы «Қазақ-Өзбек мемлекеттік шекарасының жекелеген учаскелері туралы Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы келісімді бекіту туралы» заңға да қол қойды. Бұл келісім бойынша екі мемлекет арсындағы шекара сызығы өтетін үш учаске, атап айтсақ, Бағыс және Туркестанец елді мекендері және Арнасай су қоймасы мен оның іргесіндегі аумақтар, сондай-ақ, Нысан-1, Нысан-2 және Баймұрат елді мекендері учаскесі арқылы өтетіндігі айқындалған.

Соңғы жаңалықтар