Қазақстанның туристік фирмалары Британияда өткен арнаулы көрмеге қатысты - kaz.caravan.kz
  • $ 475.31
  • 555.54
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
9 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның туристік фирмалары Британияда өткен арнаулы көрмеге қатысты

Қазақстанның туристік фирмалары Британияда өткен арнаулы көрмеге қатысты

Еліміздің туристік индустриясының өкілдері Британияда жыл сайын өтетін "The Daily Telegraph Adventure Travel & Sports Show -2005" атты көрмеге қатысты. Биыл бұл көрме Лондонда өтуде. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Ұлыбританиядағы Қазақстан елшілігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 14 Қаңтар 2005
  • 815
Фото - Caravan.kz

Бұл жолғы шараның бір ерекшелігі, оған спорттық және қызғылықты оқиғаларға негізделген туризммен шұғылданатын туристік операторлар қатысуда. «Қазақстандық турфирмалар мен әуе тасымалымен айналысушылардың бұл көрмеге қатысуы Қазақстанда өндірілетін туристік өнімдердің, соның ішінде экотуризмнің мүмкіндіктерін паш етуге түрткі болмақ. Батыста туризмнің бұл түрі кеңінен тарала бастады»,- дейді елшіліктегілер.

Сонымен бірге туризм тұрғысынан тартымды ел ретінде Қазақстанды таныту үшін Лондонда Қазақстанның туристік орталығы құрылды. «Қазақстанның туристік орталығын ҚР елшілігінің қолдауымен Британияның жеке меншік компаниясы құрды. Орталық қызметкерлері Қазақстанның туристік өнімдерін Ұлыбританияда насихаттайтын болады»,- дейді елшіліктегілер.