Қазақстанның ұйымдасқан қылмыстық тобының екі лидері бір апта ішінде БАӘ-нен елге өткізіледі - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның ұйымдасқан қылмыстық тобының екі лидері бір апта ішінде БАӘ-нен елге өткізіледі

Қазақстанның ұйымдасқан қылмыстық тобының екі лидері бір апта ішінде БАӘ-нен елге өткізіледі

Біріккен Араб Әмірліктерінде (БАӘ) ұсталған, «Қорғаста» әрекет еткен ұйымдасқан қылмыстық топтың серкелері бір аптаның ішінде Қазақстанға экстрадицияланады,

  • 3 Маусым 2011
  • 541
Фото - Caravan.kz

деп хабарлады ҚР экономикалық қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі департаменті (қаржы полициясы) төрағасының орынбасары Андрей Лукин.

«Мүмкін бір аптаның ішінде», — дедіА. Лукинжұма күніжурналистердің сұрақтарына жауап беру барысында.

«Бұл мемлекетаралық процедура белгілі бір уақытты қажет етеді», — деді ол.

Бұған дейін ҚР ЭҚСЖКД хабарлағандай, «қазіргі уақытта ҚР бас прокуратурасы арқылы Біріккен Араб Әмірліктерінде ұсталған Отарбаев пен Қайырбаевты Қазақстанға экстрадициялау процедурасы жүргізіліп жатыр».

Еске сала кетейік, қаржы полициясының «Қорғас», «Қалжат» бекеттерінде және «Алатау» кедендік рәсімдеу орталығында жүргізген арнайы шараларының нәтижесінде қызметтік кеңселерде тінту жүргізіліп, құжаттар мен мұрағат тәркіленді. Кейін қаржы полициясы Алматы облысындағы кеден бекеттерінде белсенді түрде әрекет еткен, 100-ден аса адамнан құралған ҰҚТ-ның қызметі тоқтатылғанын хабарлады.

Қаржы полициясының ақпараты бойынша ҰҚТ қызметіне қылмыстық құрылымдардың өкілдерімен бірге құқық қорғау органдарының лауазымды тұлғаларының да қатысы болған, олар заңсыз сыйақы үшін топқа қамқоршылық көрсеткен.

Сот ҰҚТ-ның 16 мүшесін қамауға алуға санкция берді. Қамауға алынғандардың ішінде «Қорғас» кеден бекетінің бастығы Бақытжан Айдаров, Ақмола облысы бойынша ҰҚК департаменті бастығының орынбасары Бақытбек Құрманәлиев бар. Сондай-ақ, Алматы облысы бойынша КБД бастығы Құрманбек Артықбаевты да қамауға алуға санкция берілді.

6 мамырда премьер-министр Кәрім Мәсімов кедендік бақылау комитетінің төрағасы Қозы-Көрпеш Кәрібозовты қызметінен босатып, оның орнына ІІМ экс-басшысы Серік Баймағамбетовты тағайындады.

Соңғы жаңалықтар