Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлады.
Әңгіме барысында қазақстандық-украиналық ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен даму келешектері талқыланды. Сұхбаттастар екі ел арасында сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимылды белсендірудегі мүдделіліктерін растады. Бұл тұрғыда экономиканың әртүрлі салаларында тығыз кооперациялық байланыстарды қалпына келтіру, сондай-ақ халықаралық көлік дәліздерін дамыту қажеттілігі атап өтілді.
Юлия Тимошенко Қазақстанның короновируспен күрестегі және тұрғындар мен шағын және орта бизнестің әлеуметтік-экономикалық жағдайларына қолдау көрсетулегі шараларын жоғары бағалады. Оның пікірі бойынша, бұл, елдің экономикалық дамуының тұрақты негізін қалаған, Елбасының кемеңгерлік саясатының нәтижесінде мүмкін болды.