Қазақстанның Ұлттық инновациялық қоры CASEF акционерлерінің қатарына қосылды - kaz.caravan.kz
  • $ 513.55
  • 602.09
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның Ұлттық инновациялық қоры CASEF акционерлерінің қатарына қосылды

Қазақстанның Ұлттық инновациялық қоры CASEF акционерлерінің қатарына қосылды

"Ұлттық инновациялық қор" АҚ шағын кәсіпорындарды қолдау жөніндегі Орталық Азиялық қор (CASEF) акционерлерінің қатарына қосылды. Бұл туралы бүгін, 15-сәуірде Алматыда өткен баспасөз мәслихатында Ұлттық инновациялық қордың басқармалары төрағасы Ғосман Әмрин құлағдар етті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 15 Сәуiр 2005
  • 1051
Фото - Caravan.kz

«Ұлттық инновациялық қор» АҚ шағын кәсіпорындарды қолдау жөніндегі Орталық Азиялық қордың жеке капиталынан 2,058 млн. доллар көлемінде акционерлік үлес иемденді. Соның нәтижесінде Ұлттық инновациялық қор «Ұлттық инновациялық капитал» деп аталатын жаңа инвестициялық құралға ие болды. Жаңа қаржылық құрал бастапқыда 4,2 млн. доллардың мүмкіндіктеріне ие болмақ. CASEF акционерлерінің айтуынша, бұл мүмкіндікті арттыруға жол ашық. Ұлттық инновациялық капитал қаржысы еліміздегі орташа кәсіпорындарда иноовациялық технологияларды дамытуға жұмсалатын болады.

Ғ.Әмриннің пікірінше, Ұлттық инновациялық қордың венчурлық рынокта сүбелі басқару тәжірибесін жинақтаған халықаралық ұйымның акцияларына жұмсаған инвестициясы қордың елімізде инновациялық жобаларды жүзеге асыруға жұмсайтын қаржылық мүмкіндіктерінің аясын арттырып қана қоймай, сонымен бірге капиталды басқару мәдениетін көтеруге де септігін тигізеді. «Қазақстандағы венчурлық рынокқа халықаралық тәжірибе мен стандарттар келе бастады. Бұл елімізде тәуекелі үлкен жобаларды қаржыландырудың жоғарғы деңгейдегі құрылымын қалыптастыруға мүмкіндік береді»,- деді ол.
Елімізде қазір тек жергілікті инвесторларды тарту нәтижесінде құрылған үш венчурлық қор жұмыс істейді. Сөйтіп, еліміз халықаралық инновациялық қорға инвестиция салып, шетелдік венчурлық капиталдан акционерлік үлес иемдену бойынша тұңғыш рет тәжірибе жинақтай бастады.

Перейти к новостям спорта