Қазақстанның Ұлттық мұнай қоры жариялы болуға тиіс - Ашық Қоғам институты басқармаларының төрағасы - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның Ұлттық мұнай қоры жариялы болуға тиіс - Ашық Қоғам институты басқармаларының төрағасы

Қазақстанның Ұлттық мұнай қоры жариялы болуға тиіс - Ашық Қоғам институты басқармаларының төрағасы

" Қазақстанның Ұлттық мұнай қоры жариялы болуға тиіс . Қазақстандағы ашықтық, жариялылық проблемасы Норвегия секілді өркениетті елдермен салыстырғанда басқаша сипатта. Сондықтан, әлі де жоғары даму деңгейіне жетпеген Қазақстан үшін мұнай қорын құру дұрыс шешім деп санамаймын".

  • 3 Маусым 2003
  • 589
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін, 2-маусымда «Қазақстанның шикізат секторындағы кірістің қалыптасуы мен жұмсалуына мониторинг жасау» тақырыбында ұйымдастырылған дөңгелек үстелде Ашық Қоғам институты басқармаларының төрағасы

Жорж Сорос мәлімдеді .
Ж.Соростың пікірінше, «мұнай құны 50 процентке дейін қымбаттауы, немесе тіпті сол мөлшерде арзандауы мүмкін. Яғни, дағдарыс айтып келмейді. Сондай жағдайда пайда түгелімен жыртықты жамауға жұмсалады».
«Бүгінде Қазақстанның алдында елді дамыта түсу талабы тұр. Қаржыны бірінші кезекте адами әлеуетті дамытуға жұмсау керек, бұдан Қазақстан ұтпаса , ұтылмайды. Қандай да бір қор құру үшін ең әуелі қордың мақсаты, жарғысы, кепілдігі және оларды дамыту тақырыбында пікірталастар өткізу керек . Жалғыз қормен шектеліп, соған қарап жалбарынып отыруға болмайды»,- деді Ж.Сорос.
Осы орайда Ж.Сорос : «Ал Каспий аймағына келсек, қазіргі таңда мұнай компанияларына қатысты оң сипаттағы жариялы ахуал Қазақстанмен салыстырғанда Әзербайжанда жақсы қалыптасып отыр. Әзербайжандағы көптеген ірі мұнай компаниялары өзара жақсы ынтымақтаса бастады»,- деп мәлімдеді.