Қазақстанның Ұлттық олимпиадалық құрамасы Пекиндегі Олимпиада ойындарында жалпықұрамалық есепте алдыңғы отыздықтың қатарынан табылуды жоспарлауда - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның Ұлттық олимпиадалық құрамасы Пекиндегі Олимпиада ойындарында жалпықұрамалық есепте алдыңғы отыздықтың қатарынан табылуды жоспарлауда

Қазақстанның Ұлттық олимпиадалық құрамасы Пекиндегі Олимпиада ойындарында жалпықұрамалық есепте алдыңғы отыздықтың қатарынан табылуды жоспарлауда

Астана. 15 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанның Ұлттық олимпиадалық құрамасы Пекиндегі Олимпиада ойындарында жалпықұрамалық есепте алдыңғы отыздықтың қатарынан табылуды жоспарлауда. Бұл туралы Қазақстанның туризм және спорт министрі Темірхан Досмұхаметов үкіметте өткен отырыс барысында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 15 Шiлде 2008
  • 821
Фото - Caravan.kz

«Бұл бір жағынан жеңіл, екінші жағынан — қиын сұрақ», — деді Т. Досмұхамбетов республика үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтың Ұлттық олимпиадалық құраманың тамызда Пекинде өтетін ойындарға арналған жоспары туралы сұрағына берген жауабында.

«Спортта алдын-ала болжам айту қиын, бірақ, біздің олимпиадалық құраманың дайындығы, еліміз спортшыларының Азия, Еуропа және әлем чемпионаттарындағы нәтижелері біздің құрамамыз 20 мен 30-шы орын аралығын иемденеді деп айтуға мүмкіндік береді», — деді ол.

Министр 1996 жылғы Олимпиадада ұлттық олимпиадалық құрама жалпыққрамалық есепте 24-ші орынды, 2000 жылы — 22-ші, ал Афины Олимпиадасында 2004 жылы — 40-шы орынды иемденгенін еске салды.

«Біздің мақсат — Афины Олимпиадасындағыдан нәтижені жақсарту, соңғы Олимпиадада жеңіп алған жеті медальдің орнына 10-11 олимпиада медальдерін қоржынға салу. Бұл үшінші ондықтан көрінуге мүмкіндік береді», — деді Т. Досмұхамбетов.

Пекиндегі XXIX жазғы Олимпиада ойындары тамыздың 8 мен 24 аралығында өтеді, онда 41 спорт түрі бойынша 302 медаль кешені сарапқа салынады. Бұл ойындарға әлемнің 203 елінен 10,5 мыңнан астам спортшы қатысады.

Қазақстандық спортшылар 22 спорт түрі бойынша 132 олимпиада лицензиясын жеңіп алды. Атап айтсақ, Пекин Олимпиадасына Қазақстандық боксшылар 10 лицензия, еркін күрестен қыздар құрамасы 4 лицензия, ауыр атлеттер 9 лицензия, еркін және грек-рим күресінен 6 лицензия жеңіп алды.

«Қазақстандық құрамада Пекинге 11 ұлт өкілдері барады, құрамаға еліміздің барлық өңірлерінен өкілдер қамтылған, соның ішінде ең көп 39 лицензияны Алматы өкілдері, Оңтүстік Қазақстан облысы — 19, Қарағанды облысы — 17 лицензия жеңіп алды. Олимпиадалық құрама 23 шілдеге дейін жасақталады», — деді Т. Досмұхамбетов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті