Сот Рахымбековты 2012-2013 жылдары Қазақстанның Үндістандағы консулы қызметін атқарған кезде шетел азаматтарына жалған іскерлік визасын заңсыз дайындаған деп шешті. Сот оған 26 миллион теңге (шамамен 73,5 мың доллар) айыппұл салды.
Рахымбек бұл айыптауларды жоққа шығарып, сот шешіміне шағымданатынын айтты.