Хабарламада атап көрсетілгеніндей, Қазақстанның елшісі Қайрат Омаров, Ресей Федерациясының елшісі Вячеслав Трубников, Украина елшісі Олег Семенец және ТМД елдерінің басқа да дипломатиялық миссияларының басшылары өзінің қаҺармандық ерлігімен дүние жүзін 20-шы ғасырдың «тажалынан» құтқарған бұрынғы Кеңес Одағының халықтарына сый-сыяпат көрсетуге келген көптеген үнді қонақтарын қарсы алды.
Қонақтардың арасында министрлік пен ведомствалардың басшылары, олардың ішінде мұнай мен газ министрі, мемлекеттік қоғаныс министрі, ірі қаржылай-өнеркәсіптік пен сауда топтарының басшылары, саяси қайраткерлер, алдыңғы қатарлы БАҚ-ның журналистері, сонымен бірге Делиде тіркелген дипломатиялық корпустың өкілдері қатысты.
Кешке келген қонақтар бұрынғы Кеңес халықтарына фашист басқыншылырына қарсы жүргізген қайтпас күресі үшін өздерінің алғысқа толы жылы лебіздерін білдірді.
Кеш қарсаңында үндінің «Tribune» атты алдыңғы қатарлы басылымында мақала жарияланды. Онда «ТМД мемлекеттері Екінші дүниежүзілік соғыста маңызды роль атқарғаны» аталып өткен. Мақалада сонымен қатар «Совет Одағында шыққан 10 оқтың 9-ы Қазақстанда құйылған. 1941 жылдың маусымынан желтоқсанға дейін 1530 ірі зауыттар мен цехтер Кеңес Одағының ішкі аймақтарына көшірілген және олардың көбі Қазақстанда қайта құрылған» деп айтып өтілген, деп хабарлайды елшілік.
600 қонақ жиналған бұл салтанатты кеш ТМД елдері халықтарының арасындағы достық байланыстың мықтылығын, олардың фашизмді тізе бүктіруінің маңызын мойындауды көздеген маңызы зор саяси іс-шара болып табылды.