Қазақстанның үш облысындағы бес жол апатынан тоғыз адам қаза тапты, тоғызы жараланды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның үш облысындағы бес жол апатынан тоғыз адам қаза тапты, тоғызы жараланды

Қазақстанның үш облысындағы бес жол апатынан тоғыз адам қаза тапты, тоғызы жараланды

Астана. 13 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанның үш облысындағы бес жол апатынан тоғыз адам қаза тапты, тоғызы жараланды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 13 Қазан 2008
  • 469
Фото - Caravan.kz

ТЖМ мәліметінше, Алматы облысының Жамбыл ауданында Алматы — Бішкек тас жолының 45-ші шақырымында 11 қазанда сағат 22.00-де «Тойота» көлігінің 49 жастағы жүргізушісі атпен соқтығысу салдарынан жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, жанармай тасушы «Камаз» және «Мицубиси» көліктерімен соқтығысты.

Апат салдарынан «Тойота» жүргізушісі оқиға орнында қаза тауып, «Мицубиси» жүргізушісі мен оның екі жолаушысы ауруханаға жатқызылды. «Мицубиси» көлігі өртеніп, жанармай тасушы көлік аударылып қалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар