Жарияланды: 240

Қазақстанның ұялы операторлары интерконнект мөлшерлемелерін азайтуға уәде етіп отыр

Қазақстанның ұялы операторлары алдағы үш жылда интерконнект мөлшерлемелерін жыл сайын 15% азайтуға уәде етіп отыр, деп хабарлады көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев.

"Басында олармен жыл сайын 10% кемітіп отыру туралы келіскен болатынбыз, бірақ біз ұялы операторлармен белсенді жұмыс жүргізіп отырмыз, алдағы үш жылда интерконнекті 15% төмендету туралы алдын-ала келісімге қол жеткіздік", деді ол Астанада сәрсенбіде баспасөз мәслихатында. Қазақстанда GSM стандартында ұялы байланыстың үш операторы: Kcell (TeliaSonera бақылайды) , "Кар-Тел" (ресейлік "Вымпелком бақылау жасайды") және Tele2 Қазақстан қызмет көрсетеді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін