Қазақстанның ұялы операторлары интерконнект мөлшерлемелерін азайтуға уәде етіп отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 510.84
  • 579.7
+21 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның ұялы операторлары интерконнект мөлшерлемелерін азайтуға уәде етіп отыр

Қазақстанның ұялы операторлары интерконнект мөлшерлемелерін азайтуға уәде етіп отыр

Қазақстанның ұялы операторлары алдағы үш жылда интерконнект мөлшерлемелерін жыл сайын 15% азайтуға уәде етіп отыр, деп хабарлады көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев.

  • 19 Желтоқсан 2012
  • 229
Фото - Caravan.kz

«Басында олармен жыл сайын 10% кемітіп отыру туралы келіскен болатынбыз, бірақ біз ұялы операторлармен белсенді жұмыс жүргізіп отырмыз, алдағы үш жылда интерконнекті 15% төмендету туралы алдын-ала келісімге қол жеткіздік», деді ол Астанада сәрсенбіде баспасөз мәслихатында.

Қазақстанда GSM стандартында ұялы байланыстың үш операторы: Kcell (TeliaSonera бақылайды) , «Кар-Тел» (ресейлік «Вымпелком бақылау жасайды») және Tele2 Қазақстан қызмет көрсетеді.