Қазақстанның «Үздік мемлекеттік қызметшісі» анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның «Үздік мемлекеттік қызметшісі» анықталды

Қазақстанның «Үздік мемлекеттік қызметшісі» анықталды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасы Қайрат Қожамжаровтың бұйрығымен Парламент Сенат

  • 23 Маусым 2017
  • 339
Фото - Caravan.kz

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасы Қайрат Қожамжаровтың бұйрығымен Парламент Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетімен өзара байланыс жасау бөлімінің меңгерушісі Рашид Бекітұлы Евниевке «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісі табысталды, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

Аталмыш төсбелгіні Рашид Евниевке ҚР Парламенті Сенатының депутаты Серік Ақылбай табыс етті. 

Рашид Бекітұлы Евниев 1978 жылы туған. Білімі жоғары. Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университетін, «Әділет» жоғары құқық мектебін бітірген, экономис-менеджер, заңгер. Республиканың Көлік прокуратурасы органдарында әртүрлі лауазымдарда, Қазақстан Республикасы Мәжілісі депутатының көмекшісі, Сенат Аппаратының Конституциалық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетімен өзара байланыс жасау бөлімінің бас консультанты, бөлім меңгерушісінің орынбасары болып қызмет істеген. Мансаптық жолда үш медальмен, соның ішінде «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

Айта кетейік, бүгін, 23 маусым — Қазақстан мемлекеттік қызметші күні. Соған орай, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «Үздік мемлекеттік қызметші» республикалық конкурсын өткізген болатын. Байқаудың маңызды мақсаттарының бірі — Мемлекеттік қызмет беделін арттыру, мемлекеттік басқарудың үздік тәжірибесін тарату, Қазақстан Республикасының үздік кәсіби білімдері мен дағдыларына ие мемлекеттік қызметшілерін анықтау, көтермелеу және оларды ынталандыру. «Үздік мемлекеттік қызметшіні» анықтау мақсатында 9 адамнан тұратын конкурстың коммиссиясы да құрылды.  


Комиссия құрамына мемлекеттік органдардың басшылығы, сондай-ақ Президент Әкімшілігінің, Премьер-Министрі Кеңсесінің өкілдері, Парламент палаталарының депутаттары, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, халықаралық, қоғамдық, ғылыми және білім беру ұйымдарының өкілдері енді. 

Соңғы жаңалықтар