Қазақстанның волейболшы қыздары Азия чемпионатында жеңіс тұғырынан көріне алмады - kaz.caravan.kz
  • $ 494.66
  • 581.87
+2 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның волейболшы қыздары Азия чемпионатында жеңіс тұғырынан көріне алмады

Қазақстанның волейболшы қыздары Азия чемпионатында жеңіс тұғырынан көріне алмады

29 сәуір күні Тайландтың Накхонратчасима қаласында волейболдан әйелдер арасында 13-клубтық Азия чемпионаты аяқталды.

  • 30 Сәуiр 2012
  • 429
Фото - Caravan.kz

Қола жүлде үшін өткен ақтық сында Асқар Шалқыбеков жаттықтыратын «жетісулық» қыздар жарыс қожайындарының «Чанг» командасына 0:3 (21:25, 10:25, 18:25) есебімен есе жіберді.

Алматы облысының «Жетісу» командасы топтық сында екінші орын алып, ширек финалда Иран («GITIPASAND») спортшыларыннан 3:0 есебімен (25-21, 25-8, 25-13) басым түсті. Жартылай финалда жапондық («Торай Эрроус») құрбыларына дәл осындай есеппен (17:25, 17:25, 20:25) есе жіберіп, чемпиондық атаққа таласу мүмкіндігінен айырылды. Ал ақтық сында тайландықтарға ұтылып, өткен жылғы нәтижесін қайталай алмады.