Дмитрий Яковлев пен Алексей Кулешовтың бүгінгі қарсыласы қытайлық Ву Пенгген мен Ху Линиан (WU Penggen/XU Linyin). Олар 1/16 кезеңінде индонезиялық Диан/Сандра (Dіan/Candra) жұбын, ал ширек финалда ирандық Фаррокши/Салахты (Farrokhi/Salagh) жұбын ұтты. Алайда, олардың командалас серіктері — Александр Дьяченко мен Алексей Сидоренко 1/16 кезеңде шри-ланкалық Асанка/Пувуду (Asanka/Pubudu) жұбын ұтқанымен, ширек финалда қытайлық Гао Пенг пен Ли Жианға (Gао Peng/Li Jian) есе жіберді. Ал әйелдер арасындағы сында қазақстандықтардың ешқайсысы 1/16 кезеңнен өте алмады.