Қазақстанның жағажай волейболшылары Италия ұлттық құрамасының базасында оқу-жаттығу жиынын өткізуде - kaz.caravan.kz
  • $ 496
  • 588.01
0 °C
Алматы
2026 Жыл
15 Ақпан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның жағажай волейболшылары Италия ұлттық құрамасының базасында оқу-жаттығу жиынын өткізуде

Қазақстанның жағажай волейболшылары Италия ұлттық құрамасының базасында оқу-жаттығу жиынын өткізуде

Бүгін Римде Денис Ровкин баптайтын Қазақстанның ерлер арасындағы ұлттық құрамасы Азия чемпионаты мен Азия ойындары қарсаңындағы оқу-жаттығу жиынын бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Волейбол федерациясына сілтеме жасап.

  • 29 Қыркүйек 2010
  • 482
Фото - Caravan.kz


Италия ұлттық құрамасы базасындағы бұл жиында Александр Дьяченко мен Алексей Сидоренконың және Дмитрий Яковлев пен Алексей Кулешовтың жұбы қазанның 18-іне дейін болады. Онда оларға Әлем чемпиондары ресейлік Дмитрий Барсук пен Игор Колодинскийді дайындаған Марко Солюстри жетекшілік жасайды. Сондай-ақ Австрия, Германия және Италия командаларымен спарринг-мачтар өткізеді. Қазақстандық спортшылар бұл жиыннан кейін қазанның 20-24-і күндері Азия чемпионатында бақ сынайтын болады. Ал бұл додадан кейін олар Римдегі базаларына қайта оралып, М. Солюстри қазақстандықтардың Азия чемпионатындағы ойындарына талдау жасамақ. Сондай-ақ 2-ші оқу-жаттығу жиынында қарашаның 12-28-і күндері Гуанчжоуда болатын XVI Азия ойындарына әзірлейді деп жоспарланып отыр.