Қазақстанның Жалпы Ішкі Өнімінің өсімінде мұнай секторының үлес салмағы 47 процентті құрайды - экономика министрі - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның Жалпы Ішкі Өнімінің өсімінде мұнай секторының үлес салмағы 47 процентті құрайды - экономика министрі

Қазақстанның Жалпы Ішкі Өнімінің өсімінде мұнай секторының үлес салмағы 47 процентті құрайды - экономика министрі

Қазақстанның Жалпы Ішкі Өнімінің өсімінде мұнай секторының үлес салмағы 47 процентті құрайды. Бұл туралы мәліметті бүгін, 9-қыркүйекте Астанада өткен үкімет отырысының қорытындысына арналған қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР экономика және бюджетті жоспарлау министрі Қайрат Келімбетов жариялады.

  • 9 Қыркүйек 2003
  • 514
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, 2004-жылғы республикалық бюджеттің макроэкономикалық көрсеткіштерін есептеуде дүниежүзілік нарықтағы мұнай бағасы әр барреліне 22 доллар көлемінде алынды. «Бұл — Ұлттық қорға қаржы аударушылардың тізіміне қамтылмайтын мұнай өндіруші компаниялар үшін белгіленген баға»,- деді Қ.Келімбетов. «Тиісінше, Брент сортты Қазақстан мұнайын экспорттау бағасы 2004-жылғы бюджет жобасында әрбір барреліне 16,5 доллар көлемінде есептелді»,- деді ол.

Ал Ұлттық қорға қаржы аударушылардың тізіміне қамтылатын мұнай өндіруші компаниялар үшін әрбір баррель үшін 19 доллар баға белгіленді. «Егер Ұлттық қорға қаржы аударушы компаниялар үшін мұнай бағасы 19 доллардан қымбат болса, бұл қаржы Ұлттық қорға аударылады»,- деді министр. Ал егер Ұлттық қорға қаржы аударушылардың тізіміне қамтылмайтын мұнай өндіруші компаниялар үшін мұнай бағасы белгіленген мөлшерден жоғары болса, онда бұл қаржы республикалқ бюджеттің бүйірін толықтырады деді Қ.Келімбетов.

Соңғы жаңалықтар