Қазақстанның жаңа Салық кодексі инвесторларды ынталандыруға төңкерістік сипатта ықпал жасай алған жоқ - ҚР үкімет басшысы - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның жаңа Салық кодексі инвесторларды ынталандыруға төңкерістік сипатта ықпал жасай алған жоқ - ҚР үкімет басшысы

Қазақстанның жаңа Салық кодексі инвесторларды ынталандыруға төңкерістік сипатта ықпал жасай алған жоқ - ҚР үкімет басшысы

Қазақстанның 2000-жылы қабылданған жаңа Салық кодексі инвесторларды ынталандыруға ауыз толтырып айта қоярлықтай ықпал жасай алған жоқ. Бұл туралы бүгін, 11-ақпанда Астанада өткен ҚР қаржы министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде үкімет басшысы Даниал Ахметов пікір білдірді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 12 Ақпан 2004
  • 702
Фото - Caravan.kz

«Қазір еліміздегі инвестиция ағындарының құрылымындағы тепе-теңдіктің біршама бұзылу ағымы байқалып отыр»,- деді Д.Ахметов. «Қазақстан экономикасына құйылып жатқан инвестиция тасқыны өте ауқымды. Бірақ ол мұнай, газ және қара металл саласына ғана ағылып жатыр. Ал тартымдылығы төмен салалар инвестициядан мүлдем мақұрым қалған. Салық кодексінің осы тұрғыда өзіндік роль атқарғанын мойындағанымызбен, инвесторларды ынталандыруға төңкерістік сипаттағы өзгерістер әкеле алмағанын айта кету керек»,- деді үкімет басшысы.

Д.Ахметовтың пікірінше, бұл уәжге тікелей дәлел ретінде 2003-жылғы жалпы экономика саласына құйылған инвестиция ауқымында машина жасау саласының иемденетін үлес салмағы 2000-жылғыдай 1 процентті құрағанын атауға болады. «Ал тау-кен өндірісі саласындағы негізгі құралдардың тозу көрсеткіші 30 процентті, машина жасау саласындағы деңгей 40 процентті құрап отыр»,- деді ол. «Сол себепті біз инвесторларды ынталандыру мәселесін жан-жақты ойластыруымыз қажет».
Үкімет басшысының айтуынша, ҚР қаржы министрлігі мен экономика және бюджетті жоспарлау министрліктері осыған сәйкес тиісті заңнамаларға өзгерістер енгізуі тиіс. «Бұл мақсатты жүзеге асыра алмасақ, еліміздегі басқа да даму институттары тиімді жұмыс істей алмайды. Ал ондай атты күн туса, мемлекетіміздің экономикалық құрылымын өзгерту туралы сөз қозғап, бас қатырудың қажеті шамалы»,- деп шегеледі Д.Ахметов.

Соңғы жаңалықтар