«Біз қазақ тілін дамытуға ерекше көңіл бөлеміз»,- деді премьер-министр аймақ әкімдерінің қатысуымен өткен үкіметтің кеңейтілген отырысында.
«Үкімет жақын арада аталмыш проблемаға қатысты бірқарат мәселелерді шешуі қажет»,- деді ол. Атап айтқанда, премьердің сөзіне сүйенсек, «мемлекеттік тілді оқыту жөніндегі орталықтарды жаппай дамыту қажет».
«Сонымен қатар, оқу-әдістемелік базаны жетілдіріп, телевизилық мультимедиялық оқу жобаларының жобасын құру қажет. Мен осы мәселені білім және ғылым, мәдениет және ақпарат министрліктеріне тапсырам», — деді К. Мәсімов.
«Біз, сондай-ақ, мемлекеттік тілді меңгеруді әділ бағалау жүйесін енгіземіз. Бұл мемлекеттік тілдің алға басуына әсер ететін басты құрал болмақ»,- деді үкімет басшысы.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті