Қазақстанның Жапониядағы елшісі осы ел компанияларын Қазақстанмен арадағы сауда-экономикалық ынтымақтастық аясын кеңейте түсуге шақырды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның Жапониядағы елшісі осы ел компанияларын Қазақстанмен арадағы сауда-экономикалық ынтымақтастық аясын кеңейте түсуге шақырды

Қазақстанның Жапониядағы елшісі осы ел компанияларын Қазақстанмен арадағы сауда-экономикалық ынтымақтастық аясын кеңейте түсуге шақырды

Қазақстан Республикасының Жапониядағы төтенше және өкілетті елшісі Болат Нұрғалиев экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Жапония-Қазақстан мемлекетаралық комитетінің мүшелерімен кездесті. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР СІМ-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 16 Ақпан 2004
  • 358
Фото - Caravan.kz

Жапониялық өкілдерді экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Жапония-Қазақстан мемлекетаралық комитетінің төрағасы, «Мицубиси корпорейшн» компаниясының аға корпоративті кеңесшісі Синроку Морохаси басқарады.

Кездесу барысында екі ел арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық аясын кеңейту перспективасы сарапқа салынды.
Қазақстандық елші екі жақтың экономикалық ынтымақтастық жөніндегі мемлекетаралық комитеттерінің жұмысына жоғары баға берді. Олар екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге үлкен үлес қосып отырғандығы айтылды. Елші сондай-ақ, Қазақстанның экономикалық табыстары мен елдегі инвестициялық ахуал туралы хабарлама жасады. Осыған байланысты елші Жапониялық компанияларды Қазақстанмен арадағы сауда-экономикалық ынтымақтастық аясын кеңейте түсуге шақырды.

Соңғы жаңалықтар