Қазақстанның жас музыканттары Нью-Йорк сахнасында - kaz.caravan.kz
  • $ 510.18
  • 601.91
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның жас музыканттары Нью-Йорк сахнасында

Қазақстанның жас музыканттары Нью-Йорк сахнасында

«Таланттарды іздейміз» белгілі фраза АҚШ-тағы қазақстандық балалар үшін өзекті бола түсуде.

  • 15 Маусым 2012
  • 529
Фото - Caravan.kz

8 маусым күні Нью-Йоркте Қазақстан мен АҚШ-тың кәсіби емес жас музыканттары шағын концерт берді, деп хабарлады шара бастамашысы — Қазақстанның Бас консулдығынан.

6 және 14 жас аралығындағы он бір музыкант, бұл алғашқы тәжірибелері болғанына қарамастан, өздерін дарын иесі ретінде көрсете алды. Олардың тамаша орындаған классикалық, қазіргі заманғы, сондай-ақ фольклорлық, соның ішінде қазақша туындыларды орындауы көрермендердің ерекше ықыласына ие болды. Кішкентай қатысушылар да өз өнерлеріне дән риза және алдағы концерттерге дайындықтарын көрсетті.

Барлық қатысушыларға естелік кәдесыйлары мен құрмет грамоталары берілді.

Қазақстан Республикасының Бас консуыл Раушан Есболатова Халықаралық балалар күніне орайластырылған бұл концерттің екі елдің жас таланттарының қатысуымен өткен шаралар қатарындағы біріншісі болатынын атап өтті.

Перейти к новостям спорта