Қазақстанның жастар ұйымдары 2009 жылы әлеуметтік қызметтер стандартын енгізе бастайды - білім және ғылым министрі - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның жастар ұйымдары 2009 жылы әлеуметтік қызметтер стандартын енгізе бастайды - білім және ғылым министрі

Қазақстанның жастар ұйымдары 2009 жылы әлеуметтік қызметтер стандартын енгізе бастайды - білім және ғылым министрі

Астана. 12 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанның жастар ұйымдары 2009 жылы әлеуметтік қызметтер стандартын енгізе бастайды. Бұл туралы бүгін Қазақстан жастарының жалпыреспубликалық ІІІ форумы барысында еліміздің білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 12 Қараша 2008
  • 1180
Фото - Caravan.kz

«Ағымдағы жылы ҚР Білім және ғылым министрлігі Астана, Алматы, Өскемен, Қостанай, Павлодар, Шымкент, Көкшетау мен Ақтөбеде жастар ұйымдарын қолдау жөніндегі ресурстық орталықтарын құрды. Келесі жылдан бастап осы орталықтар мен басқа да жастар ұйымдары Қазақстанда әлеуметтік қызметтердің алғашқы стандарттарын енгізе бастайды. Бұл — консультациялар өткізу, тренигтер мен әлеуметтік зерттеу семинарларын өткізу»,- деді министр.

Министрдің айтуынша, «2008 жыл жастар саясатына белсенді қатысушылар үшін дамудың жаңаша мәре басы болды. 2005-2007 жылдарға арналған жастар саясаты бағдарламасы 2008 жылға созылды».

Осы бағдарламаның аясында өзіндік «брендке» айналған «Болашақ», «СҚО», «Жасыл ел», «Жас Отан», «Жастар Конгрессі», «Студенттер Альянсы», «Дельфий ойындары» секілді танымал әрі маңызды шаралар өткізілді.

Жастарға арналған әлеуметтік нысандар саны арта түсуде. «Ағымдағы жылдың басындағы жағдаймен жастар үшін 3664 кітапхана, клуб үлгісіндегі 2409 мекеме, 187 мұражай, 50 театр құрылып жұмыс істеуде», -деді Ж.Түймебаев.

Қазақстан жастарының жалпыреспубликалық ІІІ форумына Қазақстанның барлық өңірлерінен 500 делегат: жас саясаткерлер, жастар және бейресми ұйымдардың жетекшілері, парламент мәжілісінің депутаттары қатысуда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар