Қазақстанның жоғары оқу орындарының ғылыми жобаларға қатысу үлесі 57 пайызға жетті - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның жоғары оқу орындарының ғылыми жобаларға қатысу үлесі 57 пайызға жетті

Қазақстанның жоғары оқу орындарының ғылыми жобаларға қатысу үлесі 57 пайызға жетті

Қазақстанның жоғары оқу орындарының ғылыми жобаларға қатысу үлесі 2012 жылы 57 пайызға жетті. [wpcode id="1694287"] Бүгін Парламент Се

  • 9 Қараша 2012
  • 390
Фото - Caravan.kz

Қазақстанның жоғары оқу орындарының ғылыми жобаларға қатысу үлесі 2012 жылы 57 пайызға жетті.

Бүгін Парламент Сенатында «Ғылым туралы» ҚР Заңының және Үдемелі индустриялық-инновациялық дамыу жөніндегі 2010-2014 жылдарға мемлекеттік бағдарламаның іске асырылуы аясында ғылым дамуының жай-күйі мен перспективалары» тақырыбына арналған конференция барысында сөз сөйлеген Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов осылай мәлім етті.

Министрдің айтуынша, 2 жылға жуық уақыт ішінде «Ғылым туралы» Заңды жүзеге асыру бірқатар негізгі тетіктерді жасауға мүмкіндік берді. «Атап айтқанда, бірінші — ғылымды басқарудың жаңа моделін толық іске қосу. Әлемдік ғылымды және Қазақстан экономикасының сұранысын талдау негізінде Жоғары ғылыми-техникалық комиссия жаңа басымдықтарды бекітті. Жобаларды іріктеудің, халықаралық сараптама жасаудың жаңа критерийлері белгіленді. Ғалымдар форумында Елбасы бұл модельді «ғылым саласына серпін беретін институционалды негіз» деп атады», — деді Б. Жұмағұлов.

Министр айтқан екінші басты тетік — ғылымды қаржыландырудың жаңа түрлерін енгізу. Б. Жұмағұловтың сөзіне қарағанда бұлар әлемдік тәжірибеге сай келеді және біздің ғалымдардың белсенділігін арттырды.

«Үшінші тетік — зерттеушілерге алғаш рет шетелдік ірі ғылыми-техникалық ақпарат ресурстарына жол ашылды. Thomson Reuters (АҚШ), Springer (Германия), Elsevier (Нидерланды) Wiley-Blackwell (Ұлыбритания) компанияларымен ұлттық лицензиялар мен келісімдерге қол қойылды. Төртінші — қазақстандық ғылымның әлемдік кеңістікке бірігуі. Қазақстанның жоғары оқу орындарына жетекші шетелдік ғалымдарды шақыру, ғалымдардың ғылыми мобильдігін дамыту бағдарламалары іске аса бастады. Жоғары оқу орындарында ғылымды жедел дамыту, студенттерді, магистранттар мен докторанттарды ғылыми зерттеулерге тарту жұмыстары басталды. Бұған ғылыми дәрежелер мен атақтардың жаңа жүйесіне көшу де әсер етуде. Нәтижесінде жоғары оқу орындарының ғылыми жобаларға қатысу үлесі 2012 жылы 57 пайызға жетті. Бұл 2010 жылы 33 пайыз ғана болатын», — деді Б. Жұмағұлов.

Ведомство басшысының пайымынша, Қазақстанның жетекші университеттері мен талантты жастары ғылымды дамытудың басты күшіне айналуда.

Соңғы жаңалықтар