Қазақстан-Оман футбол кездесуінде 2010 жылғы Әлем чемпионатында ең үздік төрешілерінің бірі болған өзбекстандық Равшан Ирматов қазылық етеді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+5 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан-Оман футбол кездесуінде 2010 жылғы Әлем чемпионатында ең үздік төрешілерінің бірі болған өзбекстандық Равшан Ирматов қазылық етеді

Қазақстан-Оман футбол кездесуінде 2010 жылғы Әлем чемпионатында ең үздік төрешілерінің бірі болған өзбекстандық Равшан Ирматов қазылық етеді

Тамыздың 11-і күні өтетін Қазақстан-Оман футбол құрамаларының жолдастық кездесуінде 2010 жылғы футболдан Әлем чемпионатында ең үздік төрешілердің бірі болған өзбекстандық Равшан Ирматов қазылық ететін болады.

  • 27 Шiлде 2010
  • 450
Фото - Caravan.kz

Әлем чемпионатынан кейін халықаралық кездесулер мен жоғары деңгейлі турнирлерде қазылық қызметті көрсетуден қолы босамайтын Ирматовты Астанада өтетін жолдастық кездесуге төреші ретінде шақыру Қазақстан және Өзбекстан футбол құрамаларының соңғы кездегі орнаған жылы қарым-қатынастарының арқасында мүмкін болды.

Равшан Ирматов 2008 және 2009 жылдары Азияның ең үздік төрешісі деп танылған болатын. Р. Ирматов осы жақында ғана аяқталған Әлем чемпионатында бес кездесуде төреші болды. Соның ішінде Әлем чемпионатының ашылуында болған ОАР — Мексика арасында болған алғашқы кездесуде қызмет істеді. Сонымен қатар Англия — Алжир, Греция — Аргентина, 4/1 финалында Германия — Аргентина және жартылайфинал матчі Уругвай — Нидерланды командаларының кездесулерінде қазылық етті.

Қазақстан мен Оман ойынында Ирматовқа оның жерлестері 2010 Әлем чемпионатында жұмыс істеген Рафаэль Ильясов, сонымен қатар Абдухамидулло Расулов көмек көрсетеді.