Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасы арқылы 12 өткізу пункттері қарастырылады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасы арқылы 12 өткізу пункттері қарастырылады

Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасы арқылы 12 өткізу пункттері қарастырылады

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «2001 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Үкіметі және Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттері туралы келісімге Хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдады.

  • 29 Маусым 2011
  • 388
Фото - Caravan.kz

Аталған хаттамаға 2006 жылғы 4 қыркүйекте Астана қаласында қол қойылған.

Бұл ретте құжат 2001 жылғы Қазақстан мен Өзбекстан Үкіметтері арасындағы келісімнің 1бабына сәйкес әзірленген және Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінің тізбесін, мәртебесін және жұмыс тәртібін айқындайтын болады. Сонымен қатар, осы Хаттаманы іске асыру Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы халықаралық қатынастарды дамытуға, екі елдің мемлекеттік шекарасы арқылы адамдарды, көлік құралдарын, жүктерді, тауарлар мен жануарларды өткізу тәртібін жетілдіруге қолайлы жағдай жасайды. Хаттаманың қосымшаға сәйкес Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасында тиісті инфрақұрылымы бар 12 өткізу пункті келісілген. Бұлардың 2-еуі теміржол, 10-ы автокөлік жолдары болып табылады.

Мәжіліс мақұлдаған заң жобасы Парламент Сенатына жіберіледі.

Соңғы жаңалықтар