Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасын демаркациялау жөніндегі бірлескен комиссияның кезекті отырысы Ташкентте өтуде - kaz.caravan.kz
  • $ 522.42
  • 543.89
-19 °C
Алматы
2025 Жыл
24 Қаңтар
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасын демаркациялау жөніндегі бірлескен комиссияның кезекті отырысы Ташкентте өтуде

Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасын демаркациялау жөніндегі бірлескен комиссияның кезекті отырысы Ташкентте өтуде

Ташкентте Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасын демаркациялау жөніндегі бірлескен комиссияның кезекті жалпы отырысы басталды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 9 Маусым 2004
  • 418
Фото - Caravan.kz

ҚР СІМ-нің төтенше тапсырмалар жөніндегі елшісі Мұрат Атанов бастаған еліміздің үкіметтік комиссиясының құрамына ҰҚК Шекара қызметінің, сыртқы істер және қорғаныс министрлігінің, Өзбекстандағы Қазақстан елшілігінің, Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімшілігі мен шекаралық аудан әкімшіліктерінің, сондай-ақ, жер ресурстарын басқару жөніндегі Агенттіктің «Қазгеокарт» РҚКК-ның өкілдері қамтылды.

Бірінші отырыста демаркациялық үш топтың есептері тыңдалып, бірлескен комиссияның осы топтардың алдына қойған проблемалары талқыланады.
Кездесу 10-маусымда аяқталады.