Департаменттің түсініктемесіне сәйкес, кедендік қызмет өкілдері Қазақстан және Қырғызстан үкіметтері арасында Алматы-Бішкек шекара өткелегі туралы 1999-жылы қол қойылған келісімді негізге ала отырып, тауарларды біртұтас кедендік бақылау және рәсімдеу үрдісіне сәйкес жұмыс істеуде.
Осыған орай Қырғызстан кеден қызметінің өкілдері Қазақстан жағында тауарды бір мәрте ғана тексеруден өткізуде. Тексеру барысында кедендік бақылауға арналған техникалық құралдар мен рентген-телевизиялық жабдықтар пайдаланылуда.
Мамандардың пікірінше, бұл жобаны жүзеге асыру өндірістік немесе коммерциялық мақсатқа арналмаған тауарлар мен жеке тұлғалардың шекарада кідіру мерзімін анағұрлым қысқартып, оларды шекаралық өткізу бекеттерінде рәсімдеу процедурасын жеңілдетеді.
Бұл тәжірибе шілденің 3 мен 16 аралығында жүзеге асырылады.
«Дамыған елдерде кеңінен қолданылатын бұл үрдіс елімізде де орнығатын болса, онда бұл республиканың кеден қызметінің жұмысын жетілдіруге жасалған маңызды қадам болмақ»,- дейді кедендік бақылау департаментінің мамандары.