«Қазақстан-Қытай» газ құбырының қуаттылығы жылына 30-дан 55 млрд. текше метрге жетеді - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Қазақстан-Қытай» газ құбырының қуаттылығы жылына 30-дан 55 млрд. текше метрге жетеді

«Қазақстан-Қытай» газ құбырының қуаттылығы жылына 30-дан 55 млрд. текше метрге жетеді

«Қазақстан-Қытай» газ құбырының үшінші «С» желісі және екі компрессорлық стансаның құрылысы толықтай шетелдік ивестициямен жүзеге асты.

  • 7 Желтоқсан 2015
  • 531
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Энергетика вице-министрі Мағзұм Мырзағалиев мәлім етті.

«Осыдан бір апта бұрын Алматы облысы Жамбыл ауданында «Қазақстан-Қытай» газ құбырының үшінші «С» желісі және екі компрессорлық станса іске қосылып, газды айдау жұмыстары басталды. Сонымен қатар 2017 жылы аяқталатын алты компрессорлық станса салынып болған соң «С» желісінің жылдық өнімділігі 25 млрд. текше метрді құрайды. Нәтижесінде, «Қазақстан-Қытай» құбырының қуаттылығы жылына 30-дан 55 млрд. текше метрге жетеді», — деді М. Мырзағалиев.

Оның сөзіне қарағанда, аталған жоба толығымен шетелдік инвестициялармен қаржыландырылды. Құрылыс жұмыстары жүргізілген кезде 14 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылған болатын, ал пайдалану кезінде тағы мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда.


Соңғы жаңалықтар