Қазақстан-Ресей шекарасында 2,5 млн. теңгенің контрабандалық жүгі ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан-Ресей шекарасында 2,5 млн. теңгенің контрабандалық жүгі ұсталды

Қазақстан-Ресей шекарасында 2,5 млн. теңгенің контрабандалық жүгі ұсталды

Қостанай облысы Қарабалық ауданы Михайловка ауылында кедендік бекетті айналып өтіп, мемлекеттік шекарадан шықпақ болған жерінен қытай тауарлары тиелген 4 УАЗ автокөлігі ұсталды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне облыстық кедендік басқарманың баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 7 Қазан 2003
  • 506
Фото - Caravan.kz

Жүргізушілердің алдын-ала түсініктемесіне жүгінсек, олардың екеуі жүктің иесі болмақ. Ұсталғандар жүктің жолдама құжаттарын көрсетпек түгілі, оның қайдан, қалай алынғандығы туралы да жарытып түсініктеме бере алмаған. Жүктің иесі- Қазақстан азаматтарының айтуынша, олар тауарды Ресейдің Магнитогорск қаласында сатпақ болыпты.

Сарапшылардың бағалауынша, контрабандалық жүктің құны шамамен 2,5 млн. теңгені құрайды. Ұсталғандардың үстінен қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары басталды.
Қостанай облыстық кедендік басқармасының баспасөз қызметіндегілердің айтуынша, 2003-жылдың қыркүйек-қазан айларында кедендік бекеттерді айналып өтіп, мемлекеттік шекарадан шығуға бірнеше әрекет жасалып, оларға тосқауыл қойылды. Жүргізушілер көбінесе мұндай жолмен Ресейге жаңа астық түсімін алып шығуға әрекет жасауда. Шекара бұзушылар көбінесе «Керуен-авто» шарасы аясында шекарашылармен бірлесе өткізілетін рейдтер барысында ұсталады.

Соңғы жаңалықтар