Қазақстан-Ресей шекарасында болған келеңсіз жайтқа байланысты Ресейліктер Қостанай облысының әкімінен кешірім сұрады - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан-Ресей шекарасында болған келеңсіз жайтқа байланысты Ресейліктер Қостанай облысының әкімінен кешірім сұрады

Қазақстан-Ресей шекарасында болған келеңсіз жайтқа байланысты Ресейліктер Қостанай облысының әкімінен кешірім сұрады

Ресейдің Челябы облыстық ІІББ-ның бастығы Сергей Кучеренко осыдан екі ай бұрын Қазақстан-Ресей шекарасында болған келеңсіз жайтқа байланысты Қостанай облысының әкімі Өмірзақ Шүкеевтің атына кешірім сұрап хат жолдады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 18 Тамыз 2003
  • 369
Фото - Caravan.kz

2003-жылдың 3-маусымында Челябы облыстық жол қозғалысының қауіпсіздігі жөніндегі мемлекеттік инспекциясы қызметкерлері тәртіп бұзушыны қуып жүріп Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасынан заңсыз өтіп кеткен болатын. Осыған байланысты Ресейлік милиция қызметерлері қызметтік тексеру жүргізіпті. «Мемлекеттік шекара бұзу оқиғасы қасақана емес, жерді жақсы білмеуге байланысты кездейсоқ жасалған. Оған кінәлі адамдар анықталып, жаза жүктелді»,- делінген хатта.

Сонымен қатар Челябы облыстық жол қозғалысы қауіпсіздігі жөніндегі мемлекеттік инспекциясы қызметкерлері арасында Қазақстанмен шекаралас аумақты топографиялық тексеруге бағытталған оқыту шарасы өткізілген көрінеді.

Соңғы жаңалықтар