Қазақстан-Ресей шекарасында не болып жатыр? - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан-Ресей шекарасында не болып жатыр?

Қазақстан-Ресей шекарасында не болып жатыр?

Самара жақтан Қазақстан-Ресей шекарасында 200-250 көлікке дейін ұзын-сонар кезек пайда болды.

  • 22 Қыркүйек 2022
  • 82
Фото - Caravan.kz

Бірақ шекарадан жаяу өтуге ниеттілер одан да көп. Бұл туралы қазақстандық "Мой город" порталы жазды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бірнеше шақырымға созылған көліктер тізбегі шекарадан әлдеқайда бұрын көрінеді.

"Маштаково" бекетінде кезек пайда болған. Ресейліктер елден жаппай кетіп жатыр. Көпшілігі журналистермен сөйлесуге ашық, бірақ аты-жөнін жасыруды сұрайды.

"Мобилизация жариялана салысымен заттарымды сөмкеге салып, досыммен кетіп қалдым. Әрине, еліміздің істеп жатқанымен келіспейміз. Соғысқа қарсы митингілердің бәріне дерлік бардым, соңғы рет мені алып кетіп, 12 сағат бойы адам шыдамайтын жағдайда бөлімшеде ұстады", — дейді Тольятти тұрғыны Дмитрий.

"Митингіге шыққан жоқпын, қорқамын, отбасым бар! Кеше мобилизация жарияланған кезде отбасымды қауіпсіз жерде қалдырып, салыстырмалы түрде қауіпсіз жерде, өзім Қазақстанға кеттім. Қазір елімізде бәрі салыстырмалы болып кетті", — деді самаралық Иван.


Біздің елде олардың таныстары жоқ. Жақын болғандықтан Оралды таңдаған. Мұнда не істейді — білмейді.

Соңғы жаңалықтар