Қазақстан-ресейлік бірлескен «Шығыс-2011» жаттығулары Семей маңындағы полигонда өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан-ресейлік бірлескен «Шығыс-2011» жаттығулары Семей маңындағы полигонда өтеді

Қазақстан-ресейлік бірлескен «Шығыс-2011» жаттығулары Семей маңындағы полигонда өтеді

Қазақстанда Семей қаласының маңныда орналасқан полигонда, 20 маусымда Қазақстан мен Ресейдің бірлескен жедел-тактикалық командалық-штабтық «Шығыс-2011» жаттығуы басталады, деп ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 17 Маусым 2011
  • 540
Фото - Caravan.kz

«Қазақстан жағынан жатығуға «Шығыс», «Оңтүстік», «Астана» өңірлік қолбасшылықтары, Әуе қорғанысы күштері, Аэроұтқыр әскерлерінің десантты-шабуылдаушы бөлімдері қатысады. Ал Ресей армиясынан жаттығуға Әскери әуе күштері, ӘДӘ, сондай-ақ Орталық әскери округтен жедел топ тартылмақ», — делінген ҚМ баспасөз қызметі таратқан хабарда.

Жаттығудың басты өтетін орны Семей қаласына жақын жерде орналасқан «Шығыс» полигоны. Мұнда 29 маусым күні жаттығудың ақтық кезеңі өтіп жауынгерлік іс-қимылдың негізгі әрекеттері бақыланатын болады. Қазақстан мен ресей қарулы күштері құрамынан құрылған коалициялық топ шартты әскери дағдарыс болған аймақтағы жағдайды тұрақтандыру үшін біріккен операциялар жүргізеді.

Бір апта бойы механикаландырылған, танкі мен артиллериялық құрамалар мен бөлімдер, десантты-шабуылдаушы бөлімдер жоғары нәтиже көрсету үшін дайындық жаттығуларын өткізеді. Осы аталған нәтижеге командалық деңгейде жетуге екі жақтың штаб басшылары өкілдері де тырысып бағатын болады.

Біріккен жаттығу шеңберінде Қазақстанның оңтүстігіндегі «Мәтібұлақ» пен «Көктал» оқу-жаттығу полигондарында жаттығудың негізгі арқауы бойынша қарастырылған өз тапсырмаларын «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы мен Аэроұтқыр күштері жүзеге асыратын болады.

Тағы бір айта кететін нәрсе аталмыш жаттығуда тұңғыш рет резервтегі жауынгерлер қатыстырылмақ. Биыл өздерінің әскерде алған мамандықтары бойынша әскери дайындықтан өту үшін Қазақстан Қарулы Күштерінің әскери бөлімдеріне үш жарым мыңнан астам әскери міндеттілер жиынға шақырылмақ. Оның 1604-і шақырылып та қойылды. Олардың 400-і Қарағанды облысындағы әскери бөлімдерде даярлықтан өтуде. Резервтегілер өз дайындықтарын «Шығыс-2011» халықаралық жаттығуымен қабыстыратын болады.

Бұл күндері Қазақстанның оңтүстік-шығысында «Шығыс-2011» халықаралық жаттығуы шеңберінде «Қызыл ағаш» оқу-жаттығу полигонында «Әуе күштері-2011» командалық-штабтық жаттығуы басталады. Оған Қазақстанның және Ресей Федерациясының Әскери-әуе күштері қатысады. Ұшу жетекшілері авиацияны басқарудың әдіс-тәсілдері туралы сұрақтарды шешсе, екі жақтың экипаждары аспанда өзара іс-қимыл жасаудың қыр-сырларын пысықтайтын болады.

Жалпы біріккен қазақстан-ресей жедел-тактикалық командалық-штабтық «Шығыс-2011» жаттығуына үш мыңнан астам әскери қызметші қатысып, 500-ден астам авто және бронды техника, 30-дан астам авиациялық техника тартылмақ.

Жаттығуға қатысушы ресейліктерді Ресей Орталық әскери округінің қолбасшысы генерал-лейтенант Владимир Чиркин 20 маусым күні Қазақстанның Семей қаласындағы аэродромына әскери транспорт ұшағымен алып келмек.

Дәл осы күні «Шығыс» жалпы әскерлер полигонында жаттығудың салтанатты түрде ашылу рәсімі жоспарлануда. Оны жаттығу жетекшісі Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-лейтенант Мұрат Майкеев өткізбек.

Жаттығуға тартылған екі елдің әскерлері өздерінің жауынгерлік дайындықтарының қандай деңгейде екендіктерін көрсетеді. «Шығыс-2011» бірлескен қазақстан-ресей жаттығуының жалауы 29 маусым күні түсіріледі, деп атап көрсетілген ҚР қорғаныс министрлігінің бспасөз қызметінің хабарында.

Соңғы жаңалықтар