Қазақстан-Словакия Алаайғыр кен орнының қорғасын кендерін игеру үшін бірлескен кәсіпорын құрады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан-Словакия Алаайғыр кен орнының қорғасын кендерін игеру үшін бірлескен кәсіпорын құрады

Қазақстан-Словакия Алаайғыр кен орнының қорғасын кендерін игеру үшін бірлескен кәсіпорын құрады

Бүгін Астанадағы Тәуелсіздік сарайында өткен ASTANA MINING & METALLURGY атты 2-ші халықаралық тау-кен металлургия конгресі аясында «Тау-Кен Самұрық» ұлттық тау-кен компаниясы» АҚ-ы

  • 4 Шiлде 2011
  • 556
Фото - Caravan.kz

мен Radington Industrial Consulting s.r.o. (Словакия) арасында Қарағанды облысындағы Алаайғыр кен орнының қорғасын кендерін игеру жобасын бірлесіп іске асыру мақсатында Ынтымақтастық принциптері туралы келісімге қол қойылды.

Аталған келісімге сәйкес тараптар тепе-теңдік негізде бірлескен кәсіпорын құратын болады. Жұмыс бағдарламасын орындау аясында тараптар зерттеуді, жобалауды және пайдалануды қоса алғанда, барлық сатыда мердігерлік компаниялар ретінде қазақстандық компанияларға басымдық береді. Пайдалы қазбаларды алудың және қайта өңдеудің заманауи технологияларын және еуропалық инвестицияларды тартуды, сондай-ақ қаржылық-экономикалық және технологиялық орнықтылықты ескере отырып, жетекші өндірушілерден техника және жабдық сатып алуды қамтамасыз етеді.

Айта кетейік, «Тау-Кен Самұрық» АҚ Қазақстанда тау-кен активтерінің ұлттық операторы болып табылады және «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ компаниялары тобына кіреді.

Соңғы жаңалықтар