Қазақстан-Венгрия экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі үкіметаралық комиссияның 1-отырысы өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан-Венгрия экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі үкіметаралық комиссияның 1-отырысы өтті

Қазақстан-Венгрия экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі үкіметаралық комиссияның 1-отырысы өтті

Астана. 28 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Кеше Астанада Қазақстан-Венгрия экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі үкіметаралық комиссияның 1-отырысы өтті, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Экономика және бюджетіт жоспарлау министрлігінің абспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 28 Қараша 2008
  • 601
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 2007 жылғы 22-23 қарашада Қазақстан- Венгрия қарым-қатынасын дамытуда маңызды роль атқарған Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Венгрия Республикасына мемлекеттік іс-сапары болды. Мемлекет басшысының көрсетілген сапарының қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне 2008 жылдың соңына дейін қазақ-венгр экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі үкіметаралық комиссияның отырысын өткізу тапсырылды.

Венгрияның 2004 жылы ЕО ға кіруі оның аумағында сауда саласындағы бірыңғай еуропалық саясат қағидаттарын таратуға негіз болды. Осыған байланысты венгр тарабы бұдан бұрын екі жақты экономикалық қарым-қатынасты реттеген сауда экономикалық ынтымақтастық туралы Қазақстан-Венгрия сауда экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық келісім 2004 жылғы 1 мамырдан бастап денонсациясы болғандығын хабарлады. Ағымдағы жылғы 20 маусымда Будапешт қаласында Қазақстан Республикасының Экономика және бюджетті жоспарлау министрі Бақыт Сұлтанов пен Венгрия Республикасының Қаржы министрі Янош Вереш Қазақстан Республикасының үкіметі мен Венгрия Республикасының үкіметі арасындағы экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық келісімге қол қойды. Осы келісімнің 4-бабының негізінде үкіметаралық комиссия құрылды.

2008 жылғы 27 қарашада Астана қаласында комиссияның 1-ші отырысы өтті, оған әр тараптан 30-дан астам өкіл қатысты. Комиссияның тең төрағалары — Бақыт Сұлтанов пен Янош Вереш.

Қазақстан-Венгрия экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі үкіметаралық комиссияның отырысын өткізу екі жақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша тиімді консультациялар өткізу мақсатында сұхбат жүргізу алаңы болып табылады.

Қазақстан-венгр қатынастарының қазіргі жағдайы мен перспективалары тұрақтылық және саяси немесе өзге де сипаттағы қандай да бір келіспеушіліктердің болмауымен сипатталады. Венгрия Қазақстанның сыртқы саясатының шығыс еуропалық бағытында маңызды рөлге ие. Венгрия — Қазақстанның Шығыс Еуропадағы ең белсенді және перспективалы экономикалық серіктестерінің бірі.

Күн тәртібіне сәйкес екі жақты қазақ-венгр ынтымақтастығының басымды мәселелерінің кең ауқымы қаралды: нормативтік құқықтық базаны жетілдіру; индустриялық-инновацииялық және ғылыми ынтымақтастық; денсаулық сақтау, оның ішінде, фармацевтика саласындағы ынтымақтастық; энергетика; ауылшаруашылығы саласындағы ынтымақтастық; көлік және логистика, білім беру, туризм және спорт саласындағы ынтымақтастық; сондай ақ шағын және орта бизнес саласындағы ынтымақтастық. Бұдан басқа, біріккен инвестициялық қор құру мәселесі қарастырылды. Кездесудің қорытындысы бойынша тараптар комиссия отырысының хаттамасына, «Атамекен» одағы» Қазақстан ұлттық экономикалық палатасы мен Венгрия Республикасының Сауда палатасы арасындағы Қазақстан-Венгрия Іскерлік кеңесін құру туралы меморандум мен келісімге қол қойды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар