Жарияланды: 460

Қазақстан-Венгрия Іскерлік кеңесін құру туралы меморандумға қол қойылды

Астана. 28 қараша. "Қазақстан Бүгін" - Кеше Астанада Қазақстан-Венгрия экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі үкіметаралық комиссияның 1-отырысы аясында "Атамекен" одағы" Қазақстан ұлттық экономикалық палатасы мен Венгрия Республикасының Сауда палатасы арасындағы Қазақстан-Венгрия Іскерлік кеңесін құру туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме

жасап. Венгрия - Қазақстанның Шығыс Еуропадағы ең салмақты экономикалық серіктестерінің бірі. Екі ел арасындағы тауар айналымы биылғы жылдың 9 айында 200 млн. АҚШ долларын құраған. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін