Қазақтан астықты шетелдерге шығаруға 2004-жылғы көктемде шектеу қоюы мүмкін - ҚР ауылшаруашылығы министрі - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақтан астықты шетелдерге шығаруға 2004-жылғы көктемде шектеу қоюы мүмкін - ҚР ауылшаруашылығы министрі

Қазақтан астықты шетелдерге шығаруға 2004-жылғы көктемде шектеу қоюы мүмкін - ҚР ауылшаруашылығы министрі

Қазақтан үкіметі астықты шетелдерге шығаруға 2004-жылғы көктемде шектеу қоюы мүмкін. Бұл туралы бүгін, 29-қаңтарда сенаттың жалпы отырысы аясында ҚР үкімет басшысының орынбасары әрі ауылшаруашылығы министрі Ахметжан Есімов мәлімдеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 29 Қаңтар 2004
  • 353
Фото - Caravan.kz

«Әдетте астық тапшылығы белең алатын көктем маусымында мұндай мұқтаждық арта түскен жағдайда үкімет қарап қалмай, еліміз рыногын қорғау үшін лайықты шешім қабылдай алады»,- деді А.Есімов. Дегенмен ол дәл қазір «мұндай қажеттілік туындай қойған жоқ» деп атап өтті. Ауылшаруашылығы министрінің пайымдауынша, «барлығы Ресей мен Украинадағы ахуалға байланысты» болмақ.

«Ресейде қазір қалыптасып отырған астық тапшылығына және ондағы астық экспорттау қарқынына қарамастан РФ үкіметі кедендік баж салығын енгізуге шешім қабылдады»,- дегенді А.Есімов ескерте кетті. Осы орайда ол «Ресей үкіметінің бұл шаралары Ресейден астық экспорттау мөлшерін азайтуға әсер ете алмаса, бұл көршілес елде қалыптасып отырған астық тапшылығы Қазақстанның астық нарығындағы ахуалға да ықпалын тигізбей қоймайды» деген пікір айтты.
Дейтұрғанмен, А.Есімовтың айтуынша, «қазір Қазақстандағы ахуал бірқалыпты», бірақ «еліміз Ресеймен көптеген келісімдер арқылы жіпсіз байланғандығын және екі мемлекет арасындағы шекараның ашықтығын ескеру керек».

Соңғы жаңалықтар