«Қазақтан безіп кеткенмін»: Халықты «жабайы» деген танымал режиссер қоғамдағы ашы шындықтың бетін ашты - kaz.caravan.kz
  • $ 485.04
  • 525.98
0 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Қазақтан безіп кеткенмін»: Халықты «жабайы» деген танымал режиссер қоғамдағы ашы шындықтың бетін ашты

«Қазақтан безіп кеткенмін»: Халықты «жабайы» деген танымал режиссер қоғамдағы ашы шындықтың бетін ашты

Белгілі режиссер Ермек Тұрсынов қазақ қоғамындағы ащы шындықты айтып, елдің Абай заманында қалғанын жайып салды.

  • 27 Қыркүйек 2023
  • 5458
Фото - Caravan.kz


Айтуынша, қазақтың «киімі» өзгергенімен, өзі өзгермеген, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Бұл туралы ол «Сұрауы бар» YouTube арнасында мәлім етті.

«Кезінде мен қазақтан безгенмін, билет алып, АҚШ-қа кеткенмін. Себебі қазақтың арасында жүрсең қарның ашады. Әсіресе, шетелге барып қайтып келесің ғой, мен шетелде көп тұрдым, 12 жылдай. Іште жүргенде байқамайсың, ал сырттан келгенде бәрі көрініп тұрады. Кешегі жәрмеңке ше? Басында әп-әдемі басталған, сосын кеткеннен кейін не болды? Елдің бәрі тамаққа таласып, арбуз жинап, түк көрмегендей. Бір жағынан ыңғайсызданасың, екінші жағынан өзіңнің қандасың ғой? Баяғы Абайдың заманындағы қазақ қой? Тек қана киімі өзгерген. Баяғы сол жабайы қазақ, қарбызға таласып жатыр.