Әр қазақтың қалтасында жүретін кітап шығарамын деген Тұрсынбаева халықтың сынына ұшырады, деп жазды Caravan.kz медиа порталының тілішісі.
"Жақында жаңа кітап шығарамын. Кішкентай, қалтаға салып жүруге ыңғайлы, бағасы қол жетімді қыламын. Мың жарым теңге, аа, жоқ, мың теңге болады. Бүкіл қазақстандық, әр қазақ қалтасына салып жүретін болады.
Бүкіл қазақтың қалтасында жүретін кітап шығарамын — Айнұр Тұрсынбаева
Әр қазақ қиналған шағында кез-келген мотвацияны, дұғаны сол кітапта қалтасынан шығарып алып, оқитындай етемін. Жолда кетіп бар жатса, жолда оқитын дұға, ақшадан тарықса, дұға мен мотивация, тағы сол сияқты барлық жағынан көмектесетін кітап шығарамын", деп айтқан болатын.
"Ол кітап тек құран. Басқа кітап жүрмейді", "Жалаңаш суреттеріңді салып қой, сонда тастамаймыз", "Мәссаған,. Өзіңді ғұлама санағаныңа жол болсын", "Қазақтан қатын пайғамбар шығып, дүниені дүр сілкіндірер ма екен", деп түрлі сыни пікірлер жазды халық.