Қазақтандық бітімгершілердің алғашқы тобы Ирактан оралды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақтандық бітімгершілердің алғашқы тобы Ирактан оралды

Қазақтандық бітімгершілердің алғашқы тобы Ирактан оралды

Бүгін, 30-қаңтарда Ирактың Эль-Кут қаласынан шыққан рейспен Қазақтандық бітімгершілердің алғашқы тобы Алматыға оралды. Қазақстандық бітімгершілердің инженерлік-саперлік бірінші тобы Халықаралық коалициялық күштер құрамында Иракта бітімгершілік миссия атқарған болатын,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 30 Қаңтар 2004
  • 450
Фото - Caravan.kz

ҚР Қорғаныс министрі Мұхтар Алтынбаевтың айтуынша, «қазақстандық бітімгершілер өздерін кәсіби мамандар ретінде танытып, бітімгершілік миссиясын абыроймен атқарды. Олардың кәсіпқойлығын Ирактағы бітімгершілік күштерінің қолбасшылығы мен «Қазбат» бөлімшесі құрамында қызмет атқарған Украина бітімгершілік тобы жоғары бағалады».

М.Алтынбаевтың хабарлауынша, Иракта болған 5 ай ішінде инженерлік-саперлік отряд 1 млн. оқ-дәрі, соның ішінде жарты миллиондай жарылмай қалған түрлі зымырандар, бомбалар мен миналарды залалсыздандырды.
Топтың кураторы, ҚР инженерлік-саперлік күштерінің қолбасшысы Мүслім Дарбековтың хабарлауынша, 12 бітімгершіден құралып қайтадан жасақталған топ Иракқа жетіп үлгерді. «Еріктілерден жаңа топ жасақтауда машақат болған жоқ. Жаңа топ құрамын қалыптастыруда бітімгершілер жинақтаған тәжірибе әжетке жарады»,- деді М.Дарбеков.
ҚР қорғаныс министрінің айтуынша, елге оралған бітімгершілер отандық армия үшін болашақ мамандар дайындауда инструктор ретінде пайдаланылмақшы. «Бүгінде біз қажетті жауынгерлік тәжірибені Ирактан басқа еш жерде жинақтай алмаймыз. Сол себепті ол жаққа бітімгершілер жіберуді одан әрі жалғастыра бермекпіз. ҚР қарулы күштері бар жерде біз жауынгерлік тәжірибеден ұдайы мұқтаждық тартатын боламыз»,- деді М.Алтынбаев.
Қазақстандық бітімгершілер арасында шығын жоқ. Топ құрамын толық көлемде алмастыру жұмысы 2004-жылдың ақпан айында аяқталады.

Соңғы жаңалықтар